Басқару

ҚР-да АӨК саласындағы ғылыми зерттеулер шығыны 4%-ға оңтайландырылады

«Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша АӨК саласындағы ғылыми зерттеулер шығыны 4%-ға оңтайландырылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сергей Плотников ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан24 Ақпан , 10:39

««Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша шығындар 3 млрд теңгеге немесе  4,2%-ға оңтайландырылады. Бұл агроөндірістік кешен саласындағы ғылыми зерттеулерге қатысты. Ал, «ҚазАгро»ҰБХ»АҚ әкімшілік шығындарды 200 млн теңгеге немесе 12%-ға түзету көзделуде»,- деп хабарлады С.Плотников.

Депутат атап өткендей, Елбасы 11 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2015 жылға арналған республикалық бюджет шығының ойтайландыру арқылы дағдарысқа  қарсы шаралар кешенін жасақтауды тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы агроөндірістік кешенге мемлекеттік қолдауды көрсетуді арттыруды дағдарысқа қарсы шаралардың бірі ретіндегі қажеттілік деп атап өтті.

Осылайша, ауыл шаруашылығы саласына қолдау көрсету шығыны 20 млрд теңгеге ұлғайтылады.

Атап айтар болсақ, С.Плотников хабарлағандай, қомақты қаржының 11,5 млрд теңгесі ауыл шаруашылығының мал және құс өсіру шаруашылықтарын  субсидиялауға бағытталады. Несие және лизинг бойынша пайыздық үстемақыны субсидиялауға 5 млрд теңге, ал, ауылшаруашылығы техникасы мен құрал жабдықтарды сатып алуға 3,5 млрд теңге жұмсалады.

«Ауыл шаруашылығы министрлігіне бөлініп жатқан қаржы уақытылы игеліліп, жоғары шығынды қажет ететін жобалар кейінге қалдырылады»,- деп толықтырды Сенат депутаты.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика