Өңірлер

Қазақстандықтар шетелдегі 110,1 млн теңгенің 3 нысанын жария етті - Қаржы министрлігі

Қазақстандықтар шетелдегі 110,1 млн теңгенің 3 нысанын жария етті, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.
Нұр-Сұлтан24 Ақпан , 14:03

«Мүліктерді заңдастыру  бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 215,9 млн тенге құрайтын 6 тұрғын үй объектісін жекешелендіру бойынша өтініш келіп түсті: сомасы 211,4 млн теңгеге 3 тұрғын үй объектісі;

сомасы 1,5 млн. теңгеге 1 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 1,5 млн теңгеге 1 коммерциялық обьект; сомасы 3,0 млн теңгеге заңды тұлғалардың 2 қатысу үлесі. Айта кетерлік жайт, сомасы 110,1 млн. теңгеге 3 обьект жария етілді», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Аталып өткендей, мүліктерді жекешелендіру жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 181,7 млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 21900 өтініш түсті:  сомасы 134,7 млрд. теңгеге 17880 тұрғын үй объекті;  сомасы 45,5 млрд. теңгеге 9778 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 28,1 млрд.теңгеге 2251 коммерциялық объект; сомасы 0,7 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 14 қатысу үлесі;  сомасы 0,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті. Оның ішінде сомасы 85,3 млрд. теңгеге 13 730 объект жария етілді.

Сонымен қатар, ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 19.02.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 10,7 млрд.теңге ақшаны жария етуге 67 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 428,2 млн.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 3,9 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 2,9 млрд. теңге.

 «20.02.2015 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша 206110 «Мүлікті жария ету үшін алым» коды бойынша бюджетке іс жүзінде 451,7 млн.теңге түсті», - деп ведомстводан толықтырды.




Яндекс.Метрика