Ұлттың денсаулығы

СҚО-да «Солтүстiк — 2015» қысқы ойындарын өткізу мәселесі талқыланды

Облыстық әкiмдiкте облыс әкiмi Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте «Солтүстiк — 2015» қысқы ойындарының мәселесі талқыланды.
Солтүстік Қазақстан24 Ақпан , 09:42

«Солтүстiк — 2015» қысқы ойындары дайындығы туралы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Eсеналин хабарлады.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, мерекелiк бағдарлама бойынша шайбалы хоккей, қысқы Президенттiк көп сатылы жарыс, коньки тебу спорты, биатлон, допты хоккей, шаңғы тебу сияқты спорттың 7 түрiнен жарыстар ұйымдастырылады.

«Спорттық жарыстың қорытынды бөлiгi 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында Уәлиханов ауданы, Кiшкенекөл ауылында өтедi, — деп атап өттi Руслан Eсеналин. — Жарысқа қатысушылардың жалпы саны 450-ге жуық адамды құрайды.

Бекiтiлген кесте бойынша 2016 жылы «Солтүстiк» қысқы спорт мерекесi Аққайың ауданында өткiзiледi.

Әрi қарай, Техникалық реттеу және метрология жөнiндегi комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң басшысы Василий Чепухин техникалық реттеу және метрология жөнiндегi комитетi департаментiнiң 2014 жылдағы жұмысы туралы хабардар етiп, 2015 жылға арналған жоспарларымен бөлiстi.

«Мораторий және басқа да құжаттарды қабылдауға байланысты департамент тарапынан түсiндiру жұмыстары жүргiзiлуде. 2014 жыл бойынша штабтың 3 отырысы өткiзiлдi және олардың қорытындылары бойынша Кеден одағының техникалық регламенттерiнiң жобалары бойынша 34 ұсыныс жасалды», — дедi Василий Чепухин.

Жиналыс соңында Ерiк Сұлтанов тиiстi ведомстволарға бiрқатар тапсырмалар жүктедi.




Яндекс.Метрика