Ұлттың денсаулығы

Павлодарда осы жылы 7 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталады

Биылғы жылы Павлодар қаласындағы перинаталды орталық корпусы мен 7 дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар24 Ақпан , 08:49

Облыстық бюджет қаражаты есебінен өткен жылы 278 млн теңгеге 3 дәрігерлік амбулатория мен 1 фельдшерлік-акушерлік пункт сатып алынды. Екібастұздағы қалалық емхана құрылысы республикалық бюджеттен қаражаттандырылды.Биылғы жылы Павлодар қаласындағы перинаталды орталық корпусы мен 7 дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталады, оның ішінде 3-і -  облыстық бюджет есебінен.

Аймақтық кардиохирургиялық орталық жанында Павлодар қаласында №2 қалалық ауруханамен біріктіру арылы еліміздегі ең алғашы кардиологиялық орталық құрылды.

«Павлодар қаласының № 1, 3 ауруханалары мен Екібастұз қалалық ауруханасы жанында тұрғындар арасында жіті ми қан айналымының бұзылуынан болатын өлім-жітім мен мүгедектілікті азайту мақсатында инсульт орталықтары құрылды», - делінген хабарламада.

Облыстық бюджет есебінен 2014 жылы 77 млн теңге қаражатқа медициналық және технологиялық жабдық сатып алынды.

Биыл 20 жасанды бүйрек аппаратына негізделген заманауи диализ орталығвн «B.Braun» неміс компаниясы іске қосылпақ. Инвестиция көлемі – 337 млн теңге, 30 жұмыс орны құрылады. Облыстық бюдет есебінен 59 санитарлық машина сатып алынды, оның ішінде 33 реанимобиль бар. Тағы 6 реанимобиль республикалық бюджет қаражатына алынды.

 




Яндекс.Метрика