Өңірлер

ШҚО-да Моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру үшін 271 млн теңге бөлінді

Моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде 98 жобаға 271 млн.теңгеге гранттар мен шағын несие берілді, 30 млн.теңге кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер алдындағы пайыздық мөлшерлемесін өтеуге берілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Шығыс Қазақстан23 Ақпан , 20:07

«30 млн.теңгеден астамы кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер алдындағы пайыздық ақысын төлеуге жұмсалды. Риддер қаласында үш 60 - пәтерлік тұрғын үй мен инженерлік желілердің құрылысы, Курчатов қаласында көшелерді жарықтандыруды жаңарту мен Зырян қаласындағы көшелерді жаңалау жұмыстары аяқталды», - делінген хабарламада.

Зырян және Серебрянск қалаларындағы жылу желілерін, сонымен қатар Риддер қаласындағы екі көпірдің құрылысы мен жаңалау бойынша жобаларды  іске асыру жалғастырылуда.

«Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде облыстың шағын және ірі қалаларында инженерлік және транспорттық инфрақұрылымдарды дамыту бойынша жобалар іске асырылуда. 2014 жылы 4 жобаны іске асыруға 2,9 млрд.теңге бағытталған.

Өскемен қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірді және Аягөз ауылындағы Қабанбай батыр атындағы көшені қайта жаңарту жобаларын іске асыру жұмыстары басталды. Өскемен қаласындағы Үлбі өзені арқылы жаяу жүретін көпірді қайта жаңарту аяқталды, Зырян қаласын су астында қалу қаупінен сақтау бойынша жобаны іске асыру жалғастырылуда.

Облыстың өңірлерінде  жергілікті  өзін - өзі басқаруды дамытуға  530 млн.теңге сомасында қаржылай қолдау көрсетілді. Бөлінген қаражат есебінен облыстың 194 ауылында 224 жоба іске асырылды.

Туризм саласын дамытудың  Жол картасы жасалды. «Алтын Алтай - аймақтың дамуының байлығы» ауыл туризмін дамыту жобасы іске асырылуда, жобаның пилоттық аумақтары- Риддер қаласы, Күршім және Катонқарағай аудандары болып анықталды.

 

 

 




Яндекс.Метрика