Адами капитал

ҚР Қарулы күштерінде техниканы әскерлердің шартты орналасу орнына жеткізу мәселесі үнемі пысықталып отырады (Фото)

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде әскери қызметшілердің әскерлердің шартты орналасқан жерлеріне әскери техникалар мен жеке құрамды көшіру бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындауға әзірлігі ұдайы тексеріледі, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Нұр-Сұлтан 23 Ақпан, 20:42

«Әскери бөлім дабыл бойынша жауынгерлік әзірлікке келтіріліп, әскери техника легі белгіленген ауданға аттанады. Әскери қызметшілер шартты орынға келе салысымен әскери қызметшілерді қамтамасыз етуге қажетті далалық лагерь: басқару пункті, медициналық пункт, далалық асхана, мәдени-сауық орталығы және т.б. өрістетуі қажет», - делінген хабарламада.

Жолдың ұзақтығы бірнеше жүздеген километрге дейін созылуы мүмкін. Сондықтан, жеке құрам жауынгерлік міндеттерді сапалы әрі жедел орындау үшін, әр жауынгер өзі жасайтын іс-қимылды анық білуі қажет.  Осындай марштарды жасай алу – әскерлердің басты дағдыларының бірі болып табылады.

Осындай оқу-жаттығулар барысында әскери қызметшілер өздерінің жауынгерлік даярлықтарын көрсетіп, әскери техниканы жүргізу және қолдану біліктіліктерін жетілдіруге, қарулануға қабылданған әскери техниканың жаңа түрлерін меңгеруге мүмкіндік алады.

 





Яндекс.Метрика