Алматыда экологиялық таза қоғамдық көліктердің көлемі 60%-ға дейін артты

Алматы қаласының коммуналдық меншігінде газбен жүретін 600 автобус пен 400 такси және 270 троллейбус, трамвай мен метро бар.
Алматы қаласы27 Ақпан , 10:19

Қала әкімдігінен хабарлағандай, өткен жылы экологиялық таза көліктер санын арттыру курсы жалғасын тапты. Яғни,  Алматыдағы  экологиялық таза қоғамдық көліктердің саны 10-нан  60%-ға дейін артты.

Алдағы жылда да бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады. Осылайша жеке меншік тасымалдаушылармен бірге бірлесіп экологиялық таза көліктер санын 100%-ға дейін жеткізуді көздер отырмыз.

Жалпы, жыл сайын қоғамдық көлікке деген қызығушылық артып келеді. Егер, 2009 жылы 152 млн адам тасымалданса,  2014 жылы  262 млн-ға жетті. Демек 5 жыл ішіне жолаушылар айналымы 1,7 есе артты. Бүгінде Алматыдағы қоғамдық көлік қызметін  жолаушылардың 32% пайдаланады.




Яндекс.Метрика