Білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту

БҚО-да инклюзивті білім беруді жетілдіру қолға алынды

Батыс Қазақстан облысында инклюзивті білім алатын оқушылар саны артты. Қазір балалардың 42,7%-ы қамтылған. Бұл туралы облыстық білім басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлайды 2050-стратегиясы ресми сайты.
Батыс Қазақстан06 Тамыз , 00:00

Облыстық білім басқармасының хабарламасы бойынша, 128 мектепте инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. Өткен жылы пандуспен жабдықталған мектептер саны 29-ға, балабақшалар саны 12-ге артты.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда арнайы топтардың саны 45%-ға, инклюзивті білім беретін кабинеттер – 84%-ға артты. 2 мыңға тарта балаға аудан орталықтарында жұмыс істейтін психологиялық педагогикалық түзету кабинеттері арқылы сыртқы түзетуде қолдау көрсетіліп келеді», - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева.

Сонымен қатар, облыста бір де бір мектепке дейінгі білім беретін арнайы ұйым жоқ. Білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес, 2014 жылы Орал қаласында оңалту орталығын ашу жоспарланған.

«Бұған қоса, инклюзивті білім беруге мұқтаж балалар Ақжайық (12,8%) және Сырым (18,7%) аудандарында өте көп», - дейді А.Мынбаева.

Инклюзивті білім беруді дамыту психологиялық кедергілерді жоюды және мүгедек балаға сыныптастарының тең дәрежеде қарауын және ұдайы көмек көрсетуін қалыптастыруды көздейді. Бұл мүгедек баланы білім беру және сыныптан тыс барлық жұмыстарға тартуға мүмкіндік берері сөзсіз.




Яндекс.Метрика