Халықаралық интеграция

2014 жылы қауіпсіздік мәселелері бойынша бірлескен 10 мәлімдеме ҰҚШҰ-да жарияланды - Бас хатшы

2014 жылы қауіпсіздік мәселелері бойынша бірлескен 10 мәлімдеме ҰҚШҰ-да жарияланды. Бұл туралы бүгін бейнекөпір форматында өткен баспасөз мәслихатында ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжа мәлім етті.
Астана қаласы30 Қаңтар , 18:23

«2014 жылы қолданылған барлық күштер, қатысушы елдер де тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталды. 2014 жыло бойы қауіпсіздік мәселелері бойынша бірлескен 10 мәлімдеме  ҰҚШҰ-да жарияланды. Әскери ынтымақтастық бойынша, барлық амалдар ұжымдық күштің дайындығына кетті», - деді Н.Бордюжа.

Оның ақпараты бойынша осы шара аясында Қазақстан аймағында  «Өзара іс-қимыл-2014» ірі жаттығулары өтті. Қырғызстанда бітімгершілік шаралары ұйымдастырылды. 

Ұйымның бас хатшысы атап өткендей, 2014 жыл ішінде ұжымдық күштерді құру үшін барлық қажетті нормативті құжаттар жасақталды.

«Бұдан басқа, біздің мемлекеттеріміздің әскері  жеңілдетілген келісім бойынша 650 млн долларға қару-жарақ пен техника сатып алды. Бұрын соңды Украинада өндірілген техниканы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің кәсіпорындарында өндіру бойынша импортты алмастыру аясында үлкен жұмыстар жүргізілді», - деп түйді ҰҚШҰ-ның бас хатшысы.

Естеріңізге сала кетсек, ҰҚШҰ-ның жарғылық органдарының отырысы Мәскеуде 22-23 желтоқсанда өтті, Ресей төрағалықты Тәжікстан Республикасына тапсырды.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика