Адам капиталын дамыту

Қызылорда облысында 7 мың тыл еңбеккеріне бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі

Қызылорда облысында тұратын 7 мыңға тарта тыл еңбеккеріне бір реттік әлеуметтік көмек беріледі.
Қызылорда30 Қаңтар , 19:37

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай Қызылорда облысының 7 мыңға тарта тыл еңбеккері жергілікті бюджеттен 30 АЕК (59 460 теңге) мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек алады, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Бұл төлем Ұлы Отан соғысы жылдары - 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында тылда жұмыс істеген азаматтарға беріледі. 

Қызылорда облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 426 млн. теңге бөлінді.   

 




Яндекс.Метрика