Адамзаттық капитал

2015 жылы ҚР ҚК офицерлер құрамын аттестациялау екі кезеңде өтеді

Аттестация жүргізудің басты міндеттері – әрбір әскери қызметшінің кәсіби және іскерлік қабілеттерін, әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау.
Казахстан30 Қаңтар , 19:54

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, аттестация  әскери қызметшілердің атқаратын лауазымдарына сәйкестіктері мен оларды әрі қарай  қызметте пайдалану перспективаларын, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қызмет мерзімін ұзартудың орындылығын, әскери қызметшілерді даярлау (қайта даярлау) жұмыстарын жетілдірудің бағыттарын айқындайды. Сонымен қатар, аттестация қызмет сатысымен көтерілу үшін әскери қызметшілердің кадрлық резервін қалыптастыру немесе оқуға жіберу және әскери қызметшілерге кемшіліктерді жою жөніндегі кеңестер әзірлеу міндеттерін атқарады.

Биыл Қарулы Күштер офицерлік корпусын жоспарлы аттестациялау2015 жылғы 12 қаңтар мен 1 қараша аралығында екі кезеңде өтеді. 2015 жылғы 12 қаңтардан 1 маусымға дейін аттестациялаудан батальон (дивизион), база командирі, орынбасарлары және оған тең лауазымдарды атқаратын офицерлер өтеді. Сонымен қатар, қызметте және жеке тәртібінде айтарлықтай кемшіліктері бар офицерлер де тексеруден өтеді. 2015 жылғы 1 маусым мен 1 қараша аралығында өтетін аттестациялаудың екінші кезеңінде қалған офицерлер құрамы атестатталатын болады.

Аттестация барысын тиімді бақылау мақсатында кезеңдері төрт шағын кезеңге бөлінген.

Екінші кезең екі бөлімнен тұрады.Әр шағын кезең соңында офицерлік құрамды аттестациялаудың қорытындылары БАҚ-та жарияланып, аттестация барысын талдау жұмыстары жүргізілетін болады.

Кадр органдардардан басқа, аттестациялауға психологтар, заңгерлер, жауынгерлік даярлық және дене даярлығы офицерлері қатысады.

 




Яндекс.Метрика