Халықаралық интеграция

Қазақстан кәсіпорындары әскери техниканы жеткізу бағдарламасына қатысады – ҰҚШҰ Бас хатшысы

Қазақстан кәсіпорындары әскери техниканы жеткізу бағдарламасына қатысады, деп Ұлттық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Николай Бордюжа видеокөпір форматында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Астана қаласы30 Қаңтар , 16:34

ҰҚШҰ бас хатшысы хабарлағандай, ҰҚШҰ ынтымақтастық бойынша мемлекетаралық комиссияға өзерістер енгізілді.

«Енді комиссия құрамына әскери-өндірістік блокқа жауап беретін үкіметтің вице-премьерлері енеді. Бұл біріншіден бізге ұғынуды, екіншіден, ҰҚШҰ мүше елдердің әскери қондырғы бойынша  барлық мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндіктер Қазақстанда да бар, екі зауыт бойынша техника жеткізу мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз», - деді Н.Бордюжа.

Бас хатшының айтуынша, мұндай ұйымдар Беларусь, Армения және Қырғызстанда бар.

«Комиссия қызметі жеткізу бағдарламасына бағытталатын болады. Оны РФ үкіметінің вице-премьері Дмитрий Рогозин басқаруы ықтимал», - деді ҰҚШҰ бас хатшысы.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика