Үкімет

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарына қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйым арасындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл бойынша субөңірлік үйлестіру кеңсесін Астана қаласында құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Қаңтар , 16:08

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

 




Яндекс.Метрика