Мәдениетті жаңғырту

«Астана Опера» әлемдік опера және балет театрларының парадын өткізеді

«Астана Операда» әлемдік опера және балет театрларының парадын өткізу жоспарланған.
Астана қаласы30 Қаңтар , 20:36

«Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлағандай,  «Астана Опера» гастрольден оралды. Бір апта бұрын итальяндық Генуя қаласы өзін не күтіп тұрғанын білген де жоқ. Екі жүз ғасырлық тарихы бар «Карло Феличе» театрының күнделікті өмірінің тынышын бұзған таңғажайып қойылымдар, генуялық басылым беттерінде әлі ұзақ талқыланады.  

«Карло Феличе» театрының фойесінде Expo 2017 арналған фото-экспозиция ұсынылғанын естеріңізге сала кетейік. Маңызы жоғары бұл шараға орай «Астана  Опера» театры Ла Скала мен Метрополитен-опера сияқты әлемдік опера және балет театрларының шеруін өткізуді жоспарлап отыр. «Карло Феличе» де өз келісімін берді. Көрермендер ұсынылған фотоларды үлкен қызығушылықпен тамашалап, көпшілігі Қазақстанға келгілері келетінін айтып қалды.     

Аталып өткендей, гастроль барысында жүрген келіссөздер нәтижесінде итальяндықтардың «Астана Опера» труппасымен өз сахнасында 2015 жылдың желтоқсанында, Юрий Григоровичтің қойылымындағы жаңажылдық «Жаңғақ шаққыш» спектаклінде қайта қауышатыны белгілі болды. Бұдан бөлек «Карло Феличе» театрының әкімшілігі елордалық труппаның 2016 жылы, қазақстандық хореографтар, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев пен Ғалия Бөрібаеваның қойылымындағы «Аққу көлі» балетімен келетінін талқылады.




Яндекс.Метрика