Адами капитал

2014 жылы Ақмола облысында азаматтардың 7 мың өтініші прокуратурамен шешілді

2014 жылдың 12 айы бойынша азаматтардың 7 мың өтініші Ақмола облысының прокуратурасымен шешілді.
Ақмола30 Қаңтар , 19:07

«Ақмола Медиа орталығы» хабарлағандай, 2014 жылдың 12 айы бойынша облыс прокуратурасына 11 мың өтініш келіп түсті. Оның 7 мыңы прокуратура органымен шешілді, ол қаралған өтініштердің 68,7 пайызын құрады. 470 өтініш қанағаттандырылды.

Өтініштердің көп бөлігі тергеу мен тінту, әлеуметтік-экономикалық сала және сот актілерін орындау кезеңіне байланысты түскен болатын.

Өтініштерді қарау қорытындысына сәйкес, прокуратура прокуратуралық қадағалау бойынша 198 акт енгізді, жауапкершілікке 57, әкімшілік жауапкершілікке 15 тұлға тартылды.




Яндекс.Метрика