Инфрақұрылымның дамуы

Ақтөбе облысында 2014 жылы 476,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынды

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының шеңберінде Ақтөбе облысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 2014 жылға арналған тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспары 465,0 мың шаршы метрді құрады.
Ақтөбе30 Қаңтар , 18:04

Облыстың ішкі  саясат басқармасы хабарлағандай, 2014 жылдың қорытындысы бойынша  476,125 мың шаршы метр пайдалануға берілді, бұл жылдық жоспарға 102,3 пайызды немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 103,2 пайызды құрады.

Облыс орталығында жалпы алаңы 29,0 мың шаршы метрді құрайтын үш несиелік тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жалпы алаңы 64,78 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға енгізілді, бұл 726 отбасыны жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Кредиттік тұрғын үйлердің құрылысына республикалық бюджеттен 3333,3 млн.теңге көлемінде қаражаттар бөлінді және толығымен игерілді.

ІСБ хабарлағандай, 2014 жылы ЖАО кезекте тұрғандар үшін жалпы алаңы  9,2 мың шаршы метрді құрайтын жалға берілетін тұрғын үй жоспарланған. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жалпы алаңы 19,28 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға берілді (Алға, Ырғыз, Қобда, Темір, Ойыл, Хромтау аудандарындағы 1,2,8 және Ақтөбе қаласындағы 216 пәтерлі тұрғын үйлер), бұл жоспардан 2,1 есе артық, бұл 268 отбасыны жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Республикалық бюджеттен 714,66 млн.теңге соммасында қаржыландыру қарастырылған және жылдың қорытындысы бойынша толығымен игерілген.

2014 жылы  құрылысы 2013 жылы басталған «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивіндегі 216 пәтерлі №5 А,Б,В,Г жалдамалы тұрғын үйді пайдалануға беру қарастырылды. Жылдың қорытындысы бойынша жалпы алаңы 19,04 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға енгізілді, бұл жоспарға 244,2 пайызды құрады. Республикалық бюджеттен 1256,8 млн. теңге көлемінде қаражаттар бөлініп толығымен игерілді.Пәтерлерді бөліп беру 2015 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған. 

2014 жылдың қорытындысы бойынша жалпы алаңы 10,25 мың шаршы метрді құрайтын 127 пәтер пайдалануға енгізілді, бұл «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы №15 несиелік тұрғын үйдің ішіне жаннасқан пәтерлер және Хромтау қаласындағы 24 пәтер әкімшілікте кезекте тұрғандар үшін  үйлестірілді.

 




Яндекс.Метрика