Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Мемлекеттік қызметкерді кәсібилендіруге бағытталған жоспар қабылданды – Қожамжаров

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы істері жөніндегі агенттік төрағасы Қайрат Қожамжаров пен Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб комитетінің басқарушы жетекшісі Әлихан Бәйменов бірлескен жобаларды бекітті.
Астана қаласы30 Қаңтар , 15:19

Жоспар агенттіктің халықаралық тәжірибені ескере отырып мемлекеттік қызметті дамытуының міндеттері мен тапсырмаларының орындалуына бағытталған, деп хабарлады ведомство.

Жоспардың мәні мен мағынасы агенттік қаңтар айында қабылдаған мемлекеттік қызметті дамыту жоспарына сәйкес келеді. Оның негізгі басымдылықтарының бірі мемлекеттік қызметкердерің жеке және тұлғалық қасиеттерін дайындау болып есептеледі. Бұл жұмыстың тиімді атқарылуына ғылыми зерттеулерді жүргізу қарастырылған.

Осы жылдың мамыр айында VIII Астана экономикалық форумы аясында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  агенттік мемлекеттік қызмет ұжымын басқару бойынша жаһандық конференция ұйымдастырады.

Жалпы, Агенттік қолданылып жатқан барлық шаралар заманауи әдістерді енгізу,мемлекеттік қызмет моделін дамытуға бағытталған.

Қ.Қожамжаров атап өткендей, халықаралық сарапшылармен жұмыс істеу өңірдің тәжірибесін жақсартып қана қоймай, мемлекеттік қызмет моделін әзірлеуде өзіндік тәжірибеге ие болады. 




Яндекс.Метрика