Мәдениетті жаңғырту

А. Мұхамедиұлы: Қазақстанда анимациялық парк ашу керек

Анимация жанры әлемдік индустрияға айналды. Біз өзіміздің анимациялық паркімізді ашуымыз керек. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.
Астана қаласы30 Қаңтар , 14:48

«Балалардың сүйікті қаһармандарын тамашалауға мүмкіндік беретін елде өзіміздің анимациялық паркімізді ашуымыз керек. Жанрдың осы түрін дамыта отырып біз өскелең ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосамыз», - дейді ол.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елде көркем фильм дамып, бұл салаға басымдылық берілуде.

«Қазақфильм секілді үлкен ұйым құрдық. Дегенмен көркем фильмге басымдылық бере отырып деректі және анимациялық жанрды да назардан тыс қалдырмау керек. Анимациялық фильм Қазақфильмнен тәуелсіз студия ретінде құрылуы керек», - дейді ол.

Сонымен қатар, министрдің мәліметінше, Қазақстанның дамуы мен табиғи жәдігерлері туралы да ғылыми-көпшілік фильмдерді қолға алған жөн. Қазақфильм киностудиясы аясында анимациялық және көркем жанрдағы студиялар ашу керек.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика