Мәдениетті жаңғырту

Қазақстанның мәдени саясатының стратегиясы бірыңғай білім кеңістігін қалыптастырады – Мұсақожаева

Қазақстанның мәдени саясатының стратегиясы бірыңғай білім кеңістігін қалыптастырады, деді ОКҚ брифингінде Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева.
Астана қаласы30 Қаңтар , 14:39

«Бүгінде жаңа мекемелер салынып жатыр. Мәселен, Астана балет, Астана опера сынды нысандардың салынуы көзді қуантады. Бұл мемлекеттің аяққа тұруындағы алғашқы бастамалар ғана. Бүгінде Мәдениет министрлігіне өту үдерісі – бұл білім беру саласындағы қайта құрылу, әсіресе мәдениет саласында кадр дайындау саласында септігін тигізеді. Бұл жерде шығарылыммен тікелей жұмыс жасалады, театр, филармония, концерттік ұйымдар үшін кадрлар дайындалады», - деді А.Мұсақожаева.

Ректор атап өткендей, біздің республика құрылуы  барысында орындаушы шеберлік бойынша кадр дайындау өте жақсы дамыды. «Қиын-қыстау шақтарда өзгерістер мен ауыртпашылықтарды жою білім беру және мәдени саладағы кадр дайындаудың  басты міндеті. Қоғамда мәдениеттілікті сақтап қалу қажеттілігі туындауда», - деді А.Мұсақожаева. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика