Мәдениетті жаңғырту

МСМ: Мәдени-туристік кластерлер – елдің халықаралық имиджін қалыптастырудың кілті

Бекітілген мәдени саясат тұжырымдамасының мәдени-туристік кластері – тарихи-мәдени аумақтың халықаралық имиджін құрудың негізгі кілті болып табылады, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының мәдениет және білім министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы30 Қаңтар , 12:59

«Мәдени тұжырымдамамыздың басты бағыттарында шығармашылық және мәдени-шығармашылық кластерді дамыту қарастырылған. Алғашқы шығармашылық кластерлер мәдениет пен өнердің жекелеген салаларын дамытуға, креативті орта құруға бағытталған», - дейді министр.

Оның айтуынша, мәдени-шығармашылық кластерлер өңірдің мәдени ортасын құру стартегиясы мен шығармашылық белсенділікті арттыруға бағытталған.

Министрдің мәліметінше, тұжырымдаманың басым бағыттарының бірі ретінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік пен бизнес бастамаларды жандандыруды атауға болады.

Айта кету керек, аймақтық шығармашылық кластерлерді құру өнердің басым бағыттарын дамыту талаптарына жауап беріп, Қазақстанның мәдени саясаты тұжырымдамасындағы жергілікті мәдени қауымдастықтардың өңірлік ерекшеліктеріне басымдылық берілмек.

Мәдени-туристік кластерлер халықтың шығармашылық белсенділігін ынталандыру кілті боулымен қатар оң әлеуметтік және экономикалық нәтижесіне жетуге бағытталған коммерциялық қызметтер инфрақұрылымын дамытпақ.

«Жаңа мәдени саясатты іске асыру арқылы өңірлердегі жаңа мәдени нысандардың құрылысын қамитын тәжірибелік нәтижелерге жетуге жол ашады. Сонымен қатар еңбек нарығы сұраныстарын қанағаттандырып, өнім сапасын арттырмақ», - дейді министр.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика