EXPO-2017

Дубайда ЭКСПО-2017 аясындағы ынтымақтастықтың әлеуеті талқыланды

Қазақстан Республикасының Дубай және Солтүстік әмірліктердегі Бас консулы Арман Исағалиев Дубай әмірлігі билеушісінің орынбасары, Әмірліктің Қаржы және өндіріс министрі Хамдан бин Рашидом Әл Мактуммен кездесті.
Әлемде30 Қаңтар , 17:19

ҚР СІМ хабарлағандай, Шейх Хамдан Қазақстан мен БАӘ қарым-қатынастарының даму деңгейін жоғары бағалап, Қазақстан мен Дубай арасында сауда және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі қарқындату қажеттілігіне баса көңіл аударды. «Осы салалар біздің өзара тиімді әрекестігіміздің негізін құрауы керек», - деді Дубай билеушісінің орынбасары.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы жариялаған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты шеңберінде еліміздің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жобалардың іске асырылып жатқандығын жеткізді. А.Исағалиев Қазақстандағы жағымды инвестициялық ахуал мен шетелдік инвесторлар үшін енгізілген жеңілдіктерді айта отырып, Дубай инвесторларын осы жобаларға қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, сұхбат барысында Астанадағы «ЭКСПО-2017» және Дубайдағы «ЭКСПО-2020» халықаралық көрмелерінің өткізілуі шеңберінде ынтымақтастық орнатудың перспективті жолдары талқыланды.

Бұл тұрғыда қазақстандық «ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы мен «DUBAI WORLD EXPO-2020» Жоғарғы комитеті арасындағы нәтижелі ықпалдастық орнатылғандығы атап өтілді. Шейх Хамдан Әмірліктер тарапының қазақстандық көрмеге ең жоғары деңгейдеқатысатынын қуаттады.

Бұған қоса, кездесуге қатысушылар Алматы мен Дубай арасындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Әмірлік мегаполисінің мэрі Хусейн Насер Лутаның өткен жылдың аяғындағы ҚР оңтүстік астанасына сапарының жақсы нәтижелері және Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің Дубайға биылғы жылға белгіленген сапары жөнінде сөз қозғалды.

 




Яндекс.Метрика