Басқару

Қазақстанда ҚР Президенті жанынан әдебиет және өнер бойынша ұлттық кеңес құрылады

Қазақстанда алғаш рет ҚР Президенті жанынан Ұлттық әдебиет және өнер кеңесі құрылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ОКҚ-да өткен бирфингте.
Астана қаласы30 Қаңтар , 12:43

«Саланың институционалды қайта құрылуының мақсаты еліміз бойынша ҚР Президенті жанынан Ұлттық әдебиет және өнер кеңесін және МСМ жанынан сала бойынша көркемөнер кеңесін құру», - деп мәлімдеді министр.

А. Мұхамедиұлының айтуынша, Ұлттық кеңес  Қазақстанның мәдениет саясатын жүргізуде басты келісу-кеңес беру органынан айналады.

«Ұлттық кеңестің құрамына депутаттар, Үкімет мүшелері, мәдениет пен өнер қайраткерлері, шығармашылық одақтардың жетекшілері, бизнес ортасының өкілдері және т.б. мүдделі азаматтар кіреді», - деп толықтыры министр.

Сонымен, Тұжырымдамаға сәйкес, үйлестіру, кеңес беру және келісу міндеттері ҚР Президенті жанындағы Ұлттық әдебиет және өнер кеңесіне міндеттеледі.

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика