Адамзаттық капитал

Біз әрқашан ардагерлерге көп көңіл бөлеміз, себебі олар Ұлы Жеңіс күнін жақындатқан ұлы тұлғалар - И.Күлшімбаев

Ардагерлер елінің болашағы үшін зор үлес қосты, біздің ендігі міндет – оларға қамқорлық етіп, көмек көрсету» - деп атап өтті Астана қаласы ТЖД бастығының м.а. полковник Ибрагим Күлшімбаев «Strategy2050.kz» Ақпараттық агенттігіне берген сұқбатында.
Астана қаласы 30 Қаңтар, 16:04

Полковник Күлшімбаевтың хабарлауынша, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында, Елбасының тапсырысы бойынша Астана қаласының Департаментінде ауқымды дайындық іс-шаралары қолға алынған.

«Бүгінгі күні Астана қаласы ТЖД-де әр жылдары еңбек еткен ҰОС-ның 3 ардагері және 10 тыл еңбеккерлері бар. Өкінішке қарай, ардагерлеріміздің қатары жыл санап сиреп барады.  Біз әрқашан ардагерелерге көп көңіл бөлеміз, себебі Ұлы Жеңіс күнін жақындатқан осы адамдар.  Олардың ұрпақтары осы ардагерлердің мен тыл еңбеккерлерінің ерліктерін ешқашан ұмытпайды»,  - деп атап өтті Астана қаласы ТЖД бастығының м.а.

Айта кетейік, Астаналық ТЖД-де Ардагерлер кеңесі жұмыс істейді, оған ҰОС-ның ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен ТЖ органдарының ардагерлері мүшелік етеді.

Департамент басшылығы мен Кеңестің бастамасымен, ардагерлерге әрдайым көмек көрсетіліп, Департамент қызметкерлері мерекелермен құттықтап тұрады, ардагерлер мен мектеп оқушыларының кездесулері ұйымдастырылады.

 

 





Яндекс.Метрика