Адами капитал

ІІМ қызметкерлері интернет-конференция барысында қойылған барлық сұрақтарға жауап берді

ІІМ-нің Веб-порталында Кадр жұмысы департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «ІІО-на қызметке және ІІМ-нің ЖОО-на оқуға қабылдау тәртібі мен шарттары» тақырыбында интернет-конференция өтті.
Казахстан30 Қаңтар , 19:21

ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, портал пайдаланушыларынан ІІМ-нің оқу орындарына қабылдау кезінде туындайтын мәселелер, заңдық кеңестер алу, оқу орындарына қабылдану шарттары, ЖОО-на түсу балдары, бейінді пән таңдау, ІІО-на жұмысқа қабылдану сияқты әртүрлі сұрақтар келіп түсті.  

Конференция барысында түскен 40-тан астам сұрақтардың барлығына толыққанды жауаптар берілді.Интернет-конференцияның өтуі азаматтардың ІІМ Жоғары оқу орындарында техникалық және кәсіби тегін жоғары білім алуды және конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғауды, сондай-ақ, халықпен тікелей және кері байланысты орнатуды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ Министрліктің порталында тұрақты түрде портал тіркелушілерімен әр түрлі жанрдағы интерактивті қарым-қатынас орнатылады. Бұндай интернет және онлайн конференциялар арқылы пайдаланушылардың  полицияның барлық бағыты бойынша «Сұрақ-жауап» айдарында және ІІО қызметкерлерінің тарапынан туындайтын бұзушылықтар туралы «Сенім парақшасында» хабарламалар қалдыру мүмкіндігі бар. 




Яндекс.Метрика