Энергетика саласын дамыту

Қазақстанда энерготиімді тұрғын үй құрылысының құнына БҰҰДБ сараптама жасайды (ФОТО)

Қазақстанда энерготиімді тұрғын үй құрылысының құнына БҰҰДБ сараптама жасайды, деп мәлімдеді БҰҰДБ/ЖЭҚ мен ҚР Үкіметінің ТКШ энерготиімділік пен құрылыс жобасы бойынша жетекші Александр Белый.
Астана қаласы 30 Қаңтар, 12:08

Ағымдағы жылы БҰҰДМ/ЖЭҚ мен ҚР Үкіметінің «Энерготиімді жобалау және нысандардың құрылысы» жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстанда энерготиімді тұрғын үй құрылысының экономикалық құнына  сараптама жасау жоспарланған.

«Жоспар бойынша Қарағанды қаласында салынатын энерготиімділігі «В» санатындағы тұрғын үйдің құнына зерттеу жүргізіледі. «В» санаты - бұл энерготиімділіктің жоғары санаты. Онда энергенияны үнемдеу жылына 30-дан 45%-ға дейн болмақ», - деді А.Белый Астанадағы энерготиімділік мәселелері бойынша семинарда.

Жоба жетекшісі атап өткендей, бүгінде Қазақстанда энерготиімділігі жоғары нысандар баршылық, ондай үйлер коммуналдық қызметте 50%-ға дейін  үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Айта кетерлік жайт, бүгінде құрылыс компаниялары нысанды салу барысында өз шығынын барынша азайтуға тырысады. Ал, шығынның 75% нысанды пайдалануға беру сатысына тиесілі», - деп толықтырды ол.

Бұдан басқа, БҰҰДБ энерготиімділіктің санаты мен нысанның таңбасын анықтау жолдарын жасақтады. «Күтіліп отырғандай ағымдағы жылы сәйкесінше заңнама қабылданады және оған сәйкес әр үйдің энерготиімділік таңбасы болуы шарт. Біздің жобамызда біз 20 үйді таңбалаймыз. Бұдан басқа, осы жылы пилоттық режимде бірнеше нысан сынақтан өкізіледі», - деп атап өтті жоба жетекшісі.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика