ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

А.Мұхамедиұлы: Қазақ әліпбиінің латын жазуына көшуінің негізгі шаралары 2025 жылы басталады

Латын жазуына көшу бағдарламасы кезең-кезеңмен жүзеге асатын болады, латын әліпбиіне көшу үрдісі 2025 жылы басталады, деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы30 Қаңтар , 12:03

«Латын жазуына көшу ұзақмерзімді бағдарлама, онда қай жылдары өту үдерісі басталатындығы жазылған. Негізгі қадамдар 2025 жылы басталады», - деді министр.

А.Мұхамедиұлы атап өткендей, қазақ тілі өзінің ұлттық ерекшеліктері мен айтылу мәнеріне ие.

«Қазір, әрине, ғалымдар  бұл мәселені жан-жақты зерттеу үстінде. Мысалға, жұмысқа ыңғайлы болуы үшін біз қазіргі қолданыстағы клавиатура аясына енуіміз керек. Алайда, біздің ұлттық дыбыстық құндылықтарымыз бұл тар алаңның аясына сыймайды. Біздің фонетикамыздың да шеңберінен шығып кетеміз. Ал оны компьютерге енгізу қиын мәселе. Ал қосымша оған жағдай жасау, оңай іс емес», - дейді ол.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, біз халықаралық қауымдастыққа табиғи түрде интеграцияланып, елдегі білім беру жүйесіне кесірімізді тигізбеуіміз керек.

«Біз барлық оқу құралдарын дайындап, дайын нәрсені қабылдап қана қоймай, оны отандық жүйе мен бағдарламаларға сәйкестендіру керек. Сол себепті осындай жеделдетілген түрде жүзеге асырылуда. Бағдарламаға сай бұл қозғалыстың қажеттілігі жоғары. Менің ойымша, асығыстық ету орынсыз. Өйткені қандай да бір шалт қимыл елдегі білім беру жүйесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Латынға өту мәселесі бойынша бағдарлама қабылданған, қазір жұмыстар өз бабымен жүргізілуде», - дейді министр.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика