Парламент

Мәжілісте Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің баптарына енген түзетулер қаралады

Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Астана қаласы 30 Қаңтар, 11:51

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай,  депутаттар қарауына «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша грант туралы келісімді, сонымен қатар, Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына түзетулерді ратификациялауға қатысты үш бірдей ратификациялық құжат енгізілмек.

Ал,  Палатаға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді ратификациялауға байланысты қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындау ұсынылып отыр.

 





Яндекс.Метрика