Халықаралық интеграция

РФ СІМ Дипломатиялық академиясының ректоры «Достық» орденімен марапатталды

Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин РФ СІМ Дипломатиялық академиясының ректоры Евгений Бажановқа екінші дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.
Әлемде30 Қаңтар , 17:34

«Е.Бажанов Мемлекеттік және қоғамдық қызметінде жасаған зор еңбегі үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық пен мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен осы наградамен марапатталды, - деді М.Тәжин.

Е.Бажанов жоғары наградаға зор алғысын айтып, Академия Қазақстанмен бұрыннан бері жемісті ықпалдасып келе жатқанын  жеткізді, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

«Кеңес одағынан кейінгі кезеңінде Академияны 210 қазақстандықтар біліріп шықты, олардың арасында 25 студент докторлық және кандидаттық диссертацияларын қорғады. Біздің мекеме Қазақстанның ғылыми қауымдастығымен белсенді түрде байланыста болуда, қазіргі кезде бірлекен конференциялар, стажировкалар ұйымдастырылуда және делегациялармен алмасу жүргізілуде», - деді Е.Бажанов.

«Қазақстанның қазіргі тұрақтылығы мен қарқынды дамуы – ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегінің арқасында. Бүгінгі Қазақстан – тек бұрыңғы кеңес одағының аумағында емес, бүкіл әлемге кең танытылды – деп ерекше атап өтті.

«Достық» ордені – қоғамда ынтымақ сақтау, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту бойынша жасалған зор еңбек үшін берілетін Қазақстан Республикасының ең жоғары наградаларының бірі болып табылады.




Яндекс.Метрика