Адамзаттық капитал

Семейдегі оқу-жаттығу шараларына 80 әскери байланысшы қатысты

Семей қаласының 44793 әскери бөлімі базасында Құрлық әскерлерінің 2015 жылға арналған жауынгерлік даярлық негізгі іс-шаралары жоспарына сәйкес және әскери қызметшілердің кәсіби білімдерін жетілдіру мақсатында «Шығыс» ӨҚ байланыс мамандарымен курстық даярлық жаттығулары өтті.
Шығыс Қазақстан30 Қаңтар , 14:08

Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, сабақтарға барлығы 80-нен астам әскери қызметші жұмылдырылды. Олар топтық және көрсетілімдік сабақтарға қатысты. Арнайы даярлық бойынша топтағы сабақтар «Арнайы операцияларды жүргізуді ұйымдастыру бойынша байланыс бастығының жұмысы», «Радиожаттығуларды өткізу тәртібі», «Жылжымалы радиобайланыс жүйесі» атты  тақырыптарда өтті. Сабақтың қорытынды кезеңінде байланысшылардалалық байланыс торабын өрістетіп, командалық-штабтық машинаның жаңартылған құрылғысын көрсетті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Байланысшылардың міндеттері оңай еместігін айта кеткен жөн. Арнайы білімнен басқа, әскери қызметшінің дене даярлық деңгейі жоғары болу керек.  Өйткені әдеттегі жауынгерлік жинақ пен киім-кешекке қоса, әрбір байланысшы арқасында радиостанция орнатылады. Оның салмағы кейде 20 килограмға дейін жетеді. Бір қызығы, байланыс бөлімшелерінде әскери қызметші әйелдер саны аз емес.

Олар коммутаторларда, радиостанцияларда, желілерде кезекшілік атқарады. Бүгінде байланысшы әйелдердің техникалық даярлығы ер азаматтардан кем түспейді.

 «Мысалы әрқайсысымызда жеке ұялы телефондарымыз бар. Әскери байланысшылар – көзге көрінбейтін майданның жауынгерлері. Олар туралы аз әңгімелейді, олардың атқарып жатқан орасан зор қызметтері көзге көрінбейді. Алайда, байланысшыларсыз армияны елестету қиын. Түрлі жылдарда, бүгінгі күннен алыс қалған уақыттарда да қабылданған немесе берілген ақпарат шайқас бағытын, халықтардың, мемлекеттердің, империялардың тағдырларын шешкен», - дейді бөлім командирі подполковник Даурен Заданов.




Яндекс.Метрика