Инфрақұрылымның дамуы

Ақтауда 2015 жылдың ортасында 280 орындық балабақша ашылады

Ақтауда 2015 жылдың ортасына таман 280 орындық жаңа балабақша салу жоспарлануда.
Маңғыстау30 Қаңтар , 15:04

Бүгінге дейін 29-шағын ауданда ешқандай балабақша немесе шағын орталық болған жоқ. Облыс және қала әкімдерінің тапсырмаларына сәйкес, 29-шағын ауданда 280 орындық жаңа балабақша ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Оны осы жылдың 2-ші жартысында береміз деген жоспарымыз бар. Бұл балабақша – 29-шы, Толқын-1, Толқын-2, Шығыс-1, Шығыс-2 шағын аудандары балаларының 85-90% қамтитын болады, деп хабарлады қала әкімдігі.

«Міне, енді жаңадан ашылған «Ақбота» шағын орталығы 25 баланы білім нәрімен сусындататын болады. Жалпы, биылғы жылы 4 балабақшаның құрылысы аяқталып және мемлекет меншігіне қайтарылған 1 балабақшаны күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілетін болады, - деді қала әкімінің орынбасары», - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Р.Елтизаров.

Сондай-ақ, салтанатты шарада ата-аналар Елбасы, өңір және қала әкімдеріне өз ризашылықтарын білдіріп, ізгі тілек-ниеттерін айтты.

««Ақбота» шағын орталығының ашылуы, 29-шы шағын аудан тұрғындары үшін қуанышты күн. Бұрын балаларымыз, немерелерімізді басқа шағынаудардағы жекеменшік балабақшаларға апаратын едік» ,- деді ата-ана Күміс Беймембетова.




Дерекнама

Яндекс.Метрика