Инфрақұрылымның дамуы

Ақтөбе облысында қуаттылығы 20 мың тонна құс фабрикасы салынады

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 2014 жылы 117 бизнес субъектісі ашылды. Жаңа кәсіпорындар өткен жылы салықтан 140 миллион теңге кіргізді. Бұл туралы Мәртөк ауданының әкімі Мәди Елеусізов тұрғындарға берген өз есебінде айтты.
Ақтөбе30 Қаңтар , 14:34

Оның айтуынша, бүгінде 6 ауыл газдандырылды. Аудан халқының 61 пайызы газ пайдаланады. 90 пайыз немесе 21 елді мекен орталықтандырылған  сумен жабдықталды.

Басты жаңалығымен әкім сөз соңында бөлісті. Қаратоғай ауылында өндірістік қуаты жылына 20 мың тонна ет өндіретін ірі құс фабрикасы салынбақ. «Эко Құс» ЖШС құрылысқа 45 миллион доллар жаратуды жоспарлауда. Жоба 200 адамды жұмыспен қамтиды. Қазірде жер бөлініп, жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен бірге жем зауыты да салынады», - деді М.Елеусізов.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика