Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

«ИТП» ЕЭА-ның инвестициялық жобаларының өзіндік құны шамамен 46 млрд теңгені құрайды

«Инновациялық технологиялар паркі» еркін экономикалық аймағының инвестициялық жобаларының өзіндік құны 46 млрд теңге шамасында, деп хабарлайды ҚР Инвестиция және даму министрлігі.
Казахстан30 Қаңтар , 11:07

«ИТП» ЕЭА базасында инновациялық кластерлік экожүйені дамыту туралы шешім қабылданды. Ондағы мақсат жаңа технологияларды жедел дамытып, зерттеу жүргізудің ұйымдасқан экономикалық және әлеуметтік жетілуі мен жаңа технологиялар дайындау, сонымен қатар оларды коммерциялауға ықпал ету болып табылады.

«2014 жылдың желтоқсанындағы мәлімет бойынша «ИТП» ЕЭА қатысушыларының саны 157 компанияны құрайды. Олар жалпы құны 4,5 млрд теңге көлемінде салық төлеген. Бірінші кезектегі инфрақұрылымның аумағы 100 пайыз толтырылды. Инвестициялық жобалардың шамамен өзіндік құны 4,6 млрд теңге болса, олардың арқасында құрылған жаңа жұмыс орны саны 1192-ні құрайды», - деп хабарлайды ведомство.

Айта кету керек, қатысушы компаниялар ақпараттық технологиялар, құрылғы құрастыру, мұнай-газ секторы салаларында жұмыс жасауда. 18 компания «эксаймақтық» қағидасымен жұмыс істейді. Қатысушы компаниялар арнайы кедендік  және салықтық артықшылықтарға иелік етіп қана қоймай, сонымен қатар операторы «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ болып табылатын технологиялық бизнес инкубация мен инновациялық гранттар бағдарламасына қатысу арқылы жаңа технологияны дамытуда қолдау алады.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика