Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қызылордада «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі бойында салынатын 5 кешеннің жобасы мақұлданды

Қызылордада сәулет-қала құрылысы кеңесінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің бойында салынатын 5 кешеннің эскиздік жобасы талқыланды.
Қызылорда30 Қаңтар , 11:21

Қызылорда облысы әкімдігінің хабарлауынша, кеңес отырысында «В» санаты бойынша «Арай» ЖК, «Сыр Маржаны және К» ЖШС, «Куламетов» ЖК және «С» санаты бойынша «Б.Байменов» ЖК, «Жиделі» шаруа қожалығының жобалары қаралды. 

Барлық кешенде талапқа сай қонақ үй, автотұрақ, дәмхана, жанар-жағармай бекеттері, көлік жөндеу шеберхана, демалыс орындары болады. Бір сөзбен айтқанда, жолаушылар үшін бар жағдай жасалмақ. Әрбір кешен ұлттық нақышта безендірілетін болады. Әрқайсысында 50-70 адамнан жұмыс істейтін болады. Барлық жоба кеңес отырысында мақұлданды.

 

 




Яндекс.Метрика