Ұлтаралық бірлік

Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін «Достық үйі» жобасы қабылданды

«Қызылорда қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы кинотеатры «Достық үйі» етіп қайта жаңғыртылмақ.
Қызылорда30 Қаңтар , 10:52

Кинотеатр 1963 жылы салынған, екі бөліктен тұрады. Кіре беріс жағы үш деңгейден тұрады, техникалық бөлімдер мен қызмет көрсету мақсатында пайдаланылған, екінші бөлігі кинозалдан тұрады. Аталған ғимарат инженерлік инфрақұрылыммен толықтай қамтамасыз етілген. 

Қызылорда облысында хабарлағандай, эскиздік жобаға сәйкес кинотеатрды қайта жаңғыртып, оны достық үйі етіп жоспарлау көзделуде. Қайта жаңғырту жұмыстары бойынша бастапқы сәулеттік және конструктивтік негіздер толықтай сақталады. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына қажетті бөлмелер толыққанды қарастырылатын болады. Ол үшін екі қабатты қосымша ғимарат кинотеатрға жапсарлас салу жоспарлануда. Оның ауданы 1300 м2 метрді құрайды. Ғимараттың кіреберіс бөлігінде классикалық колонналар салынады. Ескі карнизбен қабырғалар жаңа сәулеттік элементтермен толықтырылады. 

Әкімдіктің хабарлауынша, кеңес отырысында эскиздік жоба мақұлданды. Достық үйінің жанынан автотұрақ және саябақ салуға ұсыныс жасалды Ассамблеяның 20 жылдығына орай, қайта жаңғырту жұмыстары ертерек қолға алынып, құжаттама жұмыстары 15 ақпанға дейін бекітілетін болды. Бұл ғимарат Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына тарту болмақ.




Яндекс.Метрика