Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Павлодар облысында ҮИИДМБ аясында 2014 жылы 39,5 млрд теңге болатын 15 жоба пайдалануға берілді

Павлодар облысында 2014 жылы 1245 жұмыс орнының ашылуымен сомасы 39,5 млрд. теңге болатын 15 жоба пайдалануға берілді. Бұл туралы 2014 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген әкімдік мәжіліс барысында облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Т.Шәріпов мәлімдеді.
Павлодар30 Қаңтар , 10:21

ҮИИД бағдарламасы аясында инвестиция сомасы 274,4 млрд. теңге болатын 68 жоба іске қосылды, 5600 аса жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, 2014 жылы сомасы 39,5 млрд. теңге болатын 15 жоба пайдалануға берілді (1245 жұмыс орны). Бүгінгі таңда аталмыш іске қосылған жобалардың 48-і толық қуатында (70-тен 100% дейін) жұмыс жасап тұр.

Облыстың инвестициялық қызметінде оң динамикаға қол жетті. 2014 жылы облыстың негізгі капиталына 347,8 млрд. теңге тартылды. Өсім - 19,3%. «2014 жылы өңірдің тұрғын үйлер құрылысына 13,4 млрд. теңге инвестиция құйылды. Барлық қаржыландыру көздері есебінен 201,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өсім - 24,3%», - деді Т.Шәріпов.

Өткен жылы шағын және орта бизнес саласында белсенді субъектілер саны 34,0 мың бірлік немесе 100,1% құрады. 2014 жылдың 9 айы бойынша осы сегментте қызмет еткендер саны 1,1% өсті, өнім шығару 5,6% артты.

Бүгін аймақ басшысы Қ.Бозымбаевтың төрағалық етуімен ағымдағы жылдың тұңғыш кеңейтілген әкімдік мәжілісі болып өтті. Мәжілісте Павлодар облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебі тыңдалып, 2015 жылдың басты міндеттері белгіленді.

Кеңейтілген мәжіліс қорытындысы бойынша аймақ басшысы Қ.Бозымбаев сауда және туризм басқармасы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламалары бойынша жұмыстың жалғасуы мен  облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы, қала және аудан әкімдерімен бірге ішкі нарықтағы, бірінші кезекте әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын жүргізуді тапсырды. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика