Өңірлер

Алматы облысының 2015 жылғы бюджеті 328,2 млрд теңгені құрады

Талдықорған қаласында облыстық мәслихаттың сессиясы өтіп, депутаттардың 2014 жылғы жұмыстары қорытындыланды.
Алматы30 Қаңтар , 09:42

Күн тәртібінде бірінші кезекте 2015 жылға арналған бюджет есебі қаралды. 2015 жылы облыс бюджеті 328,2 млрд. теңгені құрады.

Облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары да жалғастырылуда. Бұл бағытқа 339,9 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, туризімді дамытуға да аса көңіл бөлінуде, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бюджет саласында орын алған мұндай өзгерістерге қарамастан, Көксу ауданындағы қолданылмаған суғармалы жерлерді қалыпқа келтіру пилоттық жобасының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге қомақты қаржы бөлінді.

Атап айтқанда, Ақши ауылынан Алакөлдің жағалауына дейінгі аралықты жаңғыртуға 390 млн. теңге бөлінетін болады.

Елбасының тапсырмасына сәйкес барлық басталған құрылыс нысандарын түгелдей аяқтап, әлеуметтік міндеттемелерді орындайтын боламыз. Мұны жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктеріміз бар, - деді.

Сонымен қатар, сессия отырысында есепті баяндамасымен облыстық мәслихаттың хатшысы Ермек Келемсейіт сөз сөйлеп, өткен жылға мәслихат жұмыстарына қатысты бірқатар ауқымды жұмыстарды саралады.

Облыстық мәслихат депутаттары есепті кезеңді қорытындылай келе, тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарылатуда, қоғамның алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыруда барлық күш-жігерлерін салатындықтарын жеткізіп, өз сенімдерін білдірді.Сессия қорытындысы бойынша облыстық мәслихаттың өткен жылғы жұмысына қанағаттанарлық деген баға берілді.

 




Яндекс.Метрика