Өңірлер

БҚО-ның Есенсай ауылына 1 млрд-тан астам теңгенің газ құбыры жүргізілді

БҚО-ның Ақжайық ауданы Есенсай ауылына газ жүргізілді.
Батыс Қазақстан30 Қаңтар , 09:21

Ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, газ құбырының ұзындығы 92 км құрады. Оның жобалық қуаттылығы 1 млрд теңгеден асады және оның бойымен бірден Есенсай, Кенсуат  Тасоба, Жұбан, Әтібек, Сайкұдық атты шалғайдағы алты елді мекенге көгілдір отын тасымалданады.

Бұл нысанның ерекшелігі мердігерлер газ құбырын жүргізу барысында Орал өзенінің, жолдардың  астын  көлденеңнен бұрғылау әдісін пайдаланды.

ІІС басқармасынан хабарлағандай, бүгінде 8-ге жуық ауыл тұрғының үйі газдандырылған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады және алдағы уақытта әлеуметтік нысандарға және Кенсуат, Тасоба ауылдарына газ жүргізіледі. 




Яндекс.Метрика