Басқару

Алматы облысы «Нұр Отан» партиясының филиалы мен құқық қорғау органдары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды (Фото)

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын қатаң қадағалау, барлық деңгейлерде партиялық бақылау орнату, бюджеттік-қаржы процессіне ұқыпты және саралай қарау, тиімді пайдалануды қадағалау партияға тапсырған болатын.
Алматы қаласы 30 Қаңтар, 09:07

Осы мақсатта Алматы облыстық партия филиалы, Алматы облыстық прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, қаржылық бақылау инспекциясы, тексеру комиссиясы мен халыққа қызмет көрсету орталығы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумдарына қол қойылды, деп хабарлады партияның филиалы.

Жиынға облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Мұқанов, облыс прокуроры Ғ.Миразов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы С.Потанин, қаржылық бақылау инспекциясының басшысы Н.Құдайбердиев, тексеру комиссиясының төрағасы Н.Әкежанов, партия активі, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, облыстық партиялық бақылау комисиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағалары мен мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

«Бұл меморандум ортақ келісімге келіп, болашақтағы атқарылатын істерді айқындайды. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы тең құқықтылық пен мемлекеттік қаржы бақылауының тиімділігін арттыруда жүйелі шешімдер іздеудің, сонымен қатар осы заманның дертіне айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуде тиімді құралы болып табылады», - дейді облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Мұқанов.

Тараптар арасындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасының Конституциясын және қолданыстағы заңнаманы сақтау, жариялылық, өзара сенім және тараптардың ішкі істеріне кірісуге жол бермеу принциптеріне негізделіп, жүзеге асырылатын болады.

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика