Адамзаттық капитал

Мәскеудегі Жеңіс парадына Қазақстаннан 70-ке жуық соғыс ардагері қатысады

Қазақстаннан 70-ке жуық соғыс ардагері Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатысады, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер вице-министрі Самат Ордабаев Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту мәселелеріне арналған селекторлық жиында.
Астана қаласы29 Қаңтар , 17:24

«9 мамырда Мәскеудегі парадқа біздің ардагерлердің қатысуы жөніндегі жұмыс бақылауға алынды.  Бұл парадқа 70-ке жуық адам барады деп көзделіп отыр. Елшілік барлық ұйымдастырушылық іс-шараларды өз мойнына алады. Ардагерлер шара біткен соң майдандағы әскери атақты жерлерді аралайтын болады», - деді С.Ордабаев.

Сыртқы саясат ведомсвтосының хабарлауынша, қазіргі таңда  Қызыл алаңға үш адамға квота бар. «Бұл квотаны Ресей Федерациясы бөлді. Бірақ біздің Ресеймен ерекше қарым-қатынасымыз ескеріле отырып, қазір үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Көрші елдегі біздің елшіге тиісті тапсырма берілді», - деп толықтырды ол.

Вице-министр атап өткендекендей, ардагерлердің парадқа қаысуы қатаң бақылауға алынған. Осындай міндет Қазақстанның Беларусь  және Украина мемлекеттеріндегі елшіліктеріне  де тапсырылған.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика