Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Қазақстанда 2014 жылы ел қазынасына табиғатты пайдаланушылардан 523,0 млн. теңге төлем түсті – АШМ

Қазақстанда мемлекет қазынасына табиғатты пайдаланушылардан 523,0 млн. теңге көлемінде төлем түсті, деп хабарлады АШМ алқа отырысында.
Астана қаласы29 Қаңтар , 17:15

2014 жылы орманды қайта қалпына келтіру және өсіру 80,4 тыс.га алқапта жүргізілді. Арал теңізі аумағында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 10,6 мың га аумақта сексеуіл отырғызылды. Ал 2008 жылдан бастап Аралдың құрғаған түбінің аумағында   56,5 мың га орман алқаптары отырғызылды.

Қазақстандағы киіктердің саны 256,7 мыңға жетіп, 2005 жылмен салыстырғанда 6,4 есе артты. Сондай-ақ, арқар, қарақұйрық, құлан, бұғылардың саны өсуде.

«Мемлекет қазынасына табиғатты пайдаланушылардан 523,0 млн. теңге көлемінде төлем түсті. Өткен жылы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарымен су қоймаларына 168,4 млн. дана бекіре, ақсақа, тұқы және өсімдік көректі балықтары жіберілді», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика