Өңірлер

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2014 жылы 2,5 трлн теңгені құрады - АШМ

Ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарының жалпы егіс көлемі 21,5 млн. га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар 15,3 млн. га, сондай-ақ бидай – 12,4 млн. га орналастырылды. Соңғы көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 699 мың га кемісе, майлы дақылдар алқабы керісінше артып 2,3 млн. га құрады.
Астана қаласы29 Қаңтар , 16:48

 Күрделі табиғи жағдайға қарамастан дәнді дақылдар оруға тиесілі 14855,3 мың. га (99,1%) жиналды. Бастапқы салмақта 18,9 млн. тонна астық (орташа өнімділік – 12,7 ц/га), бастырылды,  оның ішінде бидай шамамен 14,5 млн. тонна құрады. 2,1 млн. тонна  2015 жылы астыққа деген жазғы дақылдар тұқымының қажеттілігі есебінен 1,8 млн. тонна себілді.

 2015 жылғы астыққа тұқым тапшылығы мәселесін шешу үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ қараша айында бидайды форвардтық сатып алуын жариялады. Осылайша, шаруалар тұқым сатып алуға ӘКК кепілдігімен қаражат алып, келесі жылы жиналған астықтан қайтара алады.  

Қазіргі таңда еліміз бойынша астық сақтау қоймалардың қуаттылығы 25,1 млн. тонна. Ү.ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 13,2 млн. тонна астық бар. Барлық астық сақтау қоймалары 52,6 %-ға жүктелген, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.  

«Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны ұлғайды. 2013 жылмен салыстырғанда ет өндірісі (сойыс салмағы) 3,2%-ға өсіп, 898,9 мың тоннаны құрады, сиыр сүті - 2,6 %-ға өсіп 5020,1 мың тоннаны, ал тауық жұмыртқасы - 10,1%-ға өсіп 4272,5 млн. дананы құрады. Жағымды динамика саланың барлық өндірісі мен шаруа қожалықтарында байқалуда. Қазақстан соңғы 5 жылда алғаш рет ірі қара мал етінің экспортын 14 есеге ұлғайтып, шамамен12 мың тонна ет және ет өнімін эскорттады», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша, өткен жылы мал шаруашылығының дамуына жергілікті бюджеттен бөлінген қосымша қаражат есебінен 49,8 млрд. теңге қарастырылды. «Алтын асык» қой шаруашылығы және «Құлан» жылқы шаруашылығы бойынша несиелік бағдарламалары арқасында фермерлік шаруашылықтарымен 83,8 мың қой және 11,6 мың жылқы алынды.  «Ырыс» бағдарламасы шеңберінде 1800 мал басы бар  19 сүтті-тауарлы фермалар қаржыландырылды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша көктемдік-далалық жұмыстарды уақытылы әзірлеп, өткізу, «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ, ет экспортын ұлғайтып, егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.




Яндекс.Метрика