Мәдениетті жаңғырту

Қазақстанда балалар кітабының басылымын арттыру керек – Анищенко

Қазақстанда балалар кітабының басылымын арттыру керек, деп мәлімдеді Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Ольга Анищенко ОКҚ-да өткен брифингінде.
Астана қаласы29 Қаңтар , 16:05

«Отбысылық кітап оқу  және оқылған кітапты талқылау дәстүрін жандандыру керек. Балалар кітаптарының көптеп басылып шығуына да күш жұмсаған жөн. Сонда балалар әдебиет арқылы халықтың ғасырлық мейірімділік және әділеттілік құндылықтарын бойына сіңіріп өседі», - деп өз сенімін білдірді О.Анищенко.

Профессор атап өткендей, бүгінде Қазақстанның саясиэтникалық қоғамында  балалар әдебиеті, ХХІ ғасырдың саясимәдени тұлғасы мәселелері маңызды болып барады.

«Балаларды кітап оқуға баулу олардың ақпараттар ағымы заманында ұлттық және әлемдік құндылықтарға қатысын сақтап қалуда көмектесуі тиіс», - деді ол.

О.Анищенко баса айтқандай, Қазақстандағы мәдени тілдік құрылыстың негізі сан алуандылықтағы бірлік. Ол ұлттық бірлік доктринасында аталып өткен.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ҚХА ғылыми сараптамалық кеңесі елімізде  – «Балалар әдебиеті – саясимәдени қазақстандық  қоғамда рухани-адамгершілік тұлғасының дамуының негізі» жобасын жүзеге асыруда. Оның мақсаты Қазақстандағы балалар әдебиетінің негізгі даму кезеңдерін зерттеу және даму ерекшеліктерін анықтау.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика