Инфрақұрылымның дамуы

Абайдың 170 жылдығына орай Жидебайда туристреге арналған қонақ үй салынады

Қазақтың Абайы дүниеге келген Жидебай ауылында туристерге арналып, жыл бойы жұмыс істейтін қонақ үй мен кафе ашылады. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың Абай ауданына барған жұмыс сапары барысында мәлім болды.
Шығыс Қазақстан29 Қаңтар , 20:06

Биыл аталып өткелі отырған Хакімнің 170 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай ауданындағы Жидебай ауылы, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені, Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі туристердің көптеп келетін орынына айналғалы отыр, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Осы орайда, ауданда әлеуметтік нысандарды көріктендіру, ауданды абаттандыру бағытында үлкен жұмыстар атқарылмақ. Абай мұражай-үйінің жанындағы құрылысы аяқталмаған нысанмен танысқан аймақ басшысы мемлекет тарапынан құрылыс жұмыстарын аяқтауға қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

 




Яндекс.Метрика