Экономика

2014 жылы 83,5 мың тонна катодты мыс өндірілді - KAZ Minerals

2014 жылы KAZ Minerals Тобы 83,5 мың тонна катодты мыс өндіріп, 80-85 мың тонна көлеміндегі жоспарлы көрсеткіштің жоғарғы деңгейіне қол жеткізді.
Казахстан29 Қаңтар , 17:34

KAZ Minerals хабарлағандай, 2014 жылдың төртінші тоқсанында Топ 24,1 мың тонна катодты мыс өндірді. Концентраттағы мыс өндірісі көлемінің артуымен қатар үшінші тоқсанда қордаланған, аяқталмаған өндіріс көлемін қайта өңдеудің арқасында бұл көрсеткіш үшінші тоқсандағы көрсеткіштен 32 пайызға артық. Қырғызстандағы Бозымшақ кенішінде өндірілген 426 мың тоннаны қоса алғанда, есепті кезеңде 4,6 млн тонна кен өндірілді.

Салыстырып қарайтын болсақ, 2013 жылы Топ құрамына кіретін кәсіпорындар 76,8 мың тонна катодты мыс өндірген болатын. Шығыс Қазақстан облысындағы Николаев кен байыту фабрикасында жүргізілген модернизациялау бағдарламасының нәтижесінде, мысты айырып алу коэффициентінің 82- ден 88 пайызға дейін өсуінің арқасында 9 пайыздық өсім байқалады.

«Төртінші тоқсанның есебі алғаш рет Қырғызстандағы Бозымшақ кенішінің өндірістік көрсеткіштерін қамтып отыр. Желтоқсан айында аталмыш кеніштен Балқаш мыс қорыту зауытына мыс концентратының алғашқы партиясы жөнелтілген болатын. Келесі айда біз қызметіміздің қаржылық нәтижелерін жариялап, Бозшакөл мен Ақтоғай кеніштерінің құрылысындағы ілгерілеу жайлы хабардар етеміз», - деп мәлімдеді KAZ Minerals Тобының Басқарма төрағасы Олег Новачук.




Яндекс.Метрика