Адамзаттық капитал

Астанада бүгін 229 ҰОС ардагері «Өмір жолына» ие болды (Фото)

«Самұрық-Қазына» АҚ Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған кең ауқымды науқанын өткізуді жалғастырады. Науқан аясында Қазақстанда тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары – ардагерлерді шұғыл көмек жүйесіне қосуға бағытталған «Өмір Жолы» («Линия жизни») әлеуметтік жобасын жүзеге асыру өтуде.
Астана қаласы 29 Қаңтар, 15:33

«Самұрық-Қазына»  АҚ хабарлағандай, Қазақстан елордасында тұрып жатқан Ұлы Отан соғысының барлық 229 ардагері өздерінің ұялы құрылғыларын алдағы екі апта ішінде алады деп күтілуде.

Жүйенің өзі стационарлық және ұялы құрылғыларды қосады, оған шұғыл көмекке шақыратын «шұғыл түйме» орнатылған.

«Өмір Жолы» қорының атқарушы директоры Эрнар Нұрбековтің айтуынша: «Келесі болып кезекте Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысы тұр. Бұл облыста 376 ардагерге беріледі. «Өмір түймесінің» өзі қолдануы жеңіл құрылғы болып табылады. Оның девайсы ұялы телефон сияқты, оның артында «SOS» түймесі орналасқан. Оны басқанда ардагер көмек орталығына сигнал жібере алады.Егер адамның халі мүлдем мүшкіл болып, сөйлесуге шамасы келмесе, оператор дереу «жедел жәрдем» шақырады. Ары қарай оператор ардагерге қажетті көмек көрсете алатын барлық туыстарына немесе жақындарына хабар таратады».

Ақпарат бойынша, жұмыс Қазақстан Республикасының Ардагерлері ұйымымен, «Еуразиялық медиа форум» халықаралық қорымен, «Өмір Жолы» қоғамдық қорымен, «Beeline» байланыс операторымен және басқа да серіктес-ұйымдармен бірге жүргізіледі.

 «Осы әлеуметтік жобаны жүзеге асырғанда ардагерлерге көмек бір мәрте ғана емес, кешенді және жүйелі түрде жасалатынына назар аудару керек. ҰОС ардагерлерінің барлық қажеттіліктерін өтеуге тырысамыз», - деді «Еуразиялық медиа форум» бас директоры Руслан Жемков.

 

 





Яндекс.Метрика