Адами капитал

Астанада сәуір айында ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған әскери-патриоттық форум өтеді

Астанада сәуір айында ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған әскери-патриоттық форум өтеді, деді Бас штаб бастығының орынбасары М.Таласов.
Астана қаласы29 Қаңтар , 14:32

«Мерейлік датаны тойлау үшін Қорғаныс министрлігі Астанада сәуір айында әскери-патриоттық форум өткізуді жоспарлап отыр. Форумға ел басшылығы мен өңірлердің делегаттары қатысады. Әскери-патриоттық форум аясында көрме алаңын құрып, Мемлекет басшысына әскери-патриоттық тақырып аясындағы әзірлемелерді таныстыру жоспарланған», - деді М.Таласов.

Оның ақпараты бойынша, қазіргі таңда Қазақстанда 1812 әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді, олар 62 мың жасты қамтып отыр.

Бас штаб бастығының орынбасары айтып өткендей, ҚР Премьер-Министрі қаулысымен мерейлі мерекелік шараларды өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылды.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика