Адамзаттық капитал

Қазақстанда 100 ҰОС ардагері 20-шы наурызға дейін баспанамен қамтылады

Қазақстанда 100 ҰОС ардагері 20-шы наурызға дейін баспанамен қамтылады, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова.
Астана қаласы29 Қаңтар , 13:57

«Бүгінгі таңда жеңілдік бойынша 107 ардагер кезекте тұр. Астанада 5 адам, Оңтүстік Қазақстан-25 ардагер, Алматы облысы- 26 ардагер. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 20 наурызға дейін барлық ардагерлер баспанамен қамтылуы керек», - деді С.Жақыпова.

Вице-министр ардагерлерді баспанамен қамтып, олардың пәтерлеріне жөндеу жүргізуге кәсіпкерлер демеу көрсетеді деген үміт білдірді.

С.Жақыпова атап өткендей, жергілікті органдардың мәліметі бойынша әлеуметтік қолдау көрсету үшін 5 млрд 700 млн теңге бөлінді.

«Бұл іс-шаралардың ішінде ардагерлерді мерекелік медальдармен марапаттау, бір реттік көмек көрсету үдерістері бар. Негізгі шаралардың бірі - Мәскеуде өтетін әскери шеруге  68 ардагерді жіберу. Өңірлерден 2 ардагер Астанадағы шеруді көруге келеді», - деді ол.

Ол атап өткендей, соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне берілетін бір реттік материалдық көмек құны 100 мың теңгені құрайды. Материалдық көмек 30-шы сәуірге дейін жалғасатын болады.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика