Энергияның балама көздерін дамыту

Қазақстанда жол айрықтарын жарықтандыру үшін жаңартылмалы қуат көздерін пайдалануды ұсынды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылығы «SYNOHYDRO CORPORATION LIMITED» Қытай компаниясымен кездесуде Басқарма төрағасы Берік Камалиев «Шымкент-Ташкент» және «Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы» автожолдарындағы жол айырықтарын жарықтандыру үшін баламалы қуат көздерін пайдалануды ұсынды.
Астана қаласы29 Қаңтар , 17:03

Бұл қадам «EXPO-2017» Халықаралық көрмесі қарсаңында жол құрылысында «жасыл» технологияны тәжірибе түрінде енгізуге мүмкіндік береді.   

«Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарлағандай, «SYNOHYDRO CORPORATION LIMITED» компаниясы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің жоғарыда аталған бөліктерінде мердігер ретінде жұмыс істейді.  

Жалпы ұзындығы 99 шақырымды құрайтын «Шымкент-Ташкент» бағ,ытындағы тас жол 3 телімге бөлінген. Қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейін жол - цемент бетон төселген, 4 жолақты І техникалық санатқа жататын болады. Жол бойында 2 жол айырық және 2 өткел бар.  Жобаны 2016 жылы толығымен аяқтау көзделген.  

Шымкенттен Жамбыл облысының шекарасына дейінгі автомобиль жолы екі бөліктен тұрады. Олар Түлкібас пен Сайрам аудандары аралығында орналасқан. Құрылыс тәртібі мен ережесіне сәйкес, аталған бөліктер 4 жолақты, І б техникалық санатқа жатады. Жоба бойынша, екі бөлікте 5 көпір, 15 өткел және 7 жолайырығын салу жоспарланған. Жолдың жалпы ұзындығы 81 шақырымды құрайды, оның 41 шақырымын «SYNOHYDRO CORPORATION LIMITED» компаниясы жүзеге асырады.

Айта кетейік, аталған жолдар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік  дәлізінің бөлігі болып табылады. Қазақстан бойынша халықаралық көлік дәлізінің жалпы ұзындығы 2787 шақырым.  

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика