Инфрақұрылымның дамуы

Елорда әуежайы жер үстінде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін көшбасшы тарту бойынша келіссөздер жүргізуде

Елорда әуежайы жер үстінде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін көшбасшы тарту бойынша келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы ОКҚ брифингінде «Airoport Management Group» ЖШС Бас директорының орынбасары Асқар Мұратбаев мәлімдеді.
Астана қаласы29 Қаңтар , 12:39

«Шын мәнінде біз  барлық үрдістерді жүйелендіру бойынша күрделі жұмыс жүргізудеміз. 2014 жылы жүргізілген жұмыстар ұшу қауіпсіздігіне байланысты болған. Біз қазір жер үстінде қызмет көрсетуді  қамтамасыз ету үшін көшбасшы тарту бойынша келіссөздер жүргізудеміз», - деді Мұратбаев.

Ол атап өткендей, осы жылы елордалық әуежайда борт цехі іске қосылды, және әуежайдың ішкі бейнесі коммерцияланған стильге өзгертілді. Әуежай тарапынан қатаң тәртіптер енгізілуде. Оның ішінде жолаушыларға қызмет көрсету ерекше назарға алынған», - деді ол.

Бүгінде Астана әуежайы ЭКСПО-2017 көрмесіне қарсы өндірістік қуаттылыққа ие болды. ҚР президенті «Нұрлы Жол» Жолдауында Астана инфрақұрылымының көліктік дамуының басты басымдылығын  айтып өткен болатын.

Астана әуежайы осы жылы өзінің өткізу мүмкіндігін 3,5 млн адамға жеткізеді. Осы үрдерісті жүзеге асыру үшін 2015 жылы 29 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Бұл өткізу қуаттылығын 2017 жылға қарсы 7,1 млн жолаушыға жеткізеді», - деді Президент.

Индира Кауметова

 

 




Яндекс.Метрика