Адамзаттық капитал

Қорғаныс министрлігі мен «Нұр Отан» ҰОС Жеңісі күніне орай сайт ашады (Фото)

«Нұр Отан» партиясы Қорғаныс министрлігімен бірігіп, ҰОС Жеңісі күніне орай сайт ашады, деп «Нұр Отан» партиясының бірінші төрағасы Бауыржан Байбек мәлімдеді.
Астана қаласы 29 Қаңтар, 12:33

«ҚР Қорғаныс министрлігімен бірігіп Ұлы Отан соғысының Жеңісі күніне орай  KAHARMAN.KZ сайты іске қосылады. Сайтта мұрағат құжаттарының көшірмелері, шайқас туралы ақпарат, фотогалерея, бейнероликтер жарияланатын болады. Мұндай ресурс қазір біздің елге қажет, бір ақпарат көзінен ҰОС туралы ақпарат алу қажет», - деді Б.Байбек.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, қазақстандық жауынгерлер, іс-түссіз жоғалғандар туралы, мәлімет базасын құру жоспарлануда. Ол үшін бүгінде Ресей Федерациясының мұрағатында үлкен жұмыс атқарылуда, елшіліктер мен сыртқы істер министрлігі тартылуда.

Б.Байбек Отан қорғаушылар күніне арналып Кеңес Одағының батырлары, Халық Қаһарманы мен Даңқ орденін иеленген қазақстандықтар туралы кітап таныстырылатын болады.

Жеңіс күніне орай «Дүниежүзілік екінші соғыс жылдарындағы  қазақстандықтар: 100 жаңа дерек» жобасы іске қосылды. 2015 жылдың 29 қаңтарынан бастап «Астана» телеарнасында қазақстандық батырлар туралы екі тілде бейнебаяндар көрсетілетін болады.

Камила Амирова

Суретті түсірген  Азамат Алиева

 





Яндекс.Метрика